«Табаған» - барлық отбасы мүшелерімен бірлесіп демалуға арналған керемет орын. Егер сіздің албырт та, тентек балаларыңыз болса, онда осы отбасы жұмағын таңдағаныңызға қапа болмайсыз. Қалауыңызға қарай осындағы барлық уақытта балаларыңызға қарайтын күтуші де беріледі. Бөбектеріңіз жергілікті ойын-сауықтан рахат тауып, шаңғы менен шана теуіп, бассейнде жүзіп, таза ауада ойнағанннан рахаттанады. Мейрамханаларда сәбиіңіздің жақсы тамақтануы үшін арнайы балаларға арналған ас мәзірі дайындалған. Біздің кәсіпқой нұсқаушыларымыз балаларыңызды шаңғыға тұрып, сырғанауды үйретеді. Қауіпсіздік үшін қам жемесеңіз де болады, кешенде құтқарушылар мен дәрігерлер көмегін беруге әрқашан дайын.